Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Із-түзсіз жоғалып кеткен қостанайлық бойжеткеннің денесі орманнан табылды

Із-түзсіз жоғалып кеткен қостанайлық бойжеткеннің денесі орманнан табылды
ашық дереккөз
18 жастағы қыз анасынан су жылытып қоюын сұрап, аулада жүгіріп келуге шығып кеткен еді.
Қостанай ауданының Затобол ауылында жоғалып кеткен Дарья Махартованың мүрдесі табылды, деп хабарлайды  облыстық ІІД баспасөз қызметі. 18 жастағы Дарья Махартова 20 шілде күні сағат 22.00 шамасында үйінен шығып, қайтып оралмаған. «Із-түзсіз жоғалып кеткен Затобол ауылының тұрғынының денесі Қостанай қаласының іргесіндегі орман алқабынан табылды. ҚР ҚК-нің 99-бабы (адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Жедел іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр», - деді ІІД баспасөз қызметіндегілер. Айта кетейік, Дарья Махартова Мәскеуде оқиды. Бүгін оның анасы қостанайлықтарды еріктілер тобына қосылуларын сұраған болатын. «Ол маған су жылытып қой, көп ұзамай келем деген болатын. Мен алдында мүмкін жол бойы біреуді кезіктіріп қалған шығар деп аса қобалжи қойған жоқпын. Өйткені ол Мәскеуде оқитын, мұнда жақында ғана келген. Алайда түнгі сағат үштер шамасында үрейлене бастадым. Барып арыз жаздым. Иісшіл ит тек бағдаршамға дейін ғана иіс алды. Дашаның телефоны өшкен жоқ болатын. Телефон арқылы оның «West» клубына қарай кеткенін білдік. Полиция қонақүйді тексергенімен, ол жерден таба алмады. Жертөлелерді де тексеру қажет па еді?», - деген еді қыздың анасы Ольга Покатаева.  
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар