Басты жаңалықтар

Балаларын жазда қалай қыдыртатынын мақтана айтқан Ләйләні көпшілік сынап тастады

Оқырман: Ештене көрмеген адам, бірден бәрін көрсе сіз сияқты далбасалап қалатынын анық білем

Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы балаларымен жазғы демалысты қалай өткізетінін айтамын деп ұятқа қалды. Жұрт  Сұлтанқызының қарапайым халыққа ішкен-жегені жайлы айтқаны үшін  сынап тастады. "Демалыстардың ішіндегі ең жақсысы - отбасылық демалыс. Біздікі 20-25 күнге созылады. Балалар жалықпасын деп 5-7 күн сайын 3 демалыс орнын (мемлекет, қала) ауыстыруға тырысамыз. Теңіз, фут.поле, гольф, ананас міндетті түрде болуы шарт. Теңізге күніне 3-4 сағат уақытымызды жұмсаймыз. Минимум мейк. Тіпті қолданбаймын десем де болады. Демалысқа барғанда аналар әрине күнге қыздырынатын кремнен бастап, бала-шағаның жолда оқитын кітабына дейін жоспарлайды. Біздің демалыстан бір сәт. Ыстық құшақ. Мейірімді маxаббат. Риясыз күлкі. Парашютпен секіріп балалар мәз. Бұл менің ыстық ұям",- деп жазған Ләйлә Сұлтанқызы. "Иманыңыз болса байлығыңызды, барыңызды жасырып ұстайтын едіңіз", "Сізді оқып отырған адамдар арасында ел ішіндегі  қаланы көруге шамасы жоқтар барын ұмытпаңыз. Мынау сөзіңіз тасынған адамның айтатыны.", "Ештене көрмеген адам бірден тойып қалса осылай болады. Сізге кешіріммен қарадым.", "Достар соншалықты іштеріңіз тарылатындай не болды. Отбасымен демалып жүр, рахатын көрсін. Неге сонша ашулысыздар?." деп жазғандар да көп болды.