Басты жаңалықтар
Ақын Бауыржан Халиолла бүкіл қазақтың атынан Денистен кешірім сұрады
- автор kyn.kz
- 22 шілде, 2018
- 593
Ақын: Біздің елде Ұлы болып жүруге болмайды, "Ұры" болып жүруге болады
Ақын Бауыржан Халиолла Денис Теннің қазасына орай бүкіл халықтың атынан одан кешірім сұрады.
"Қайран, Денис! Қазақты осыншама сүйіп, қазаққа осыншама ғашық болғанда, қазаққа бар махаббатыңды арнағанда, сол қазақтың қолынан қапыда қаза боламын деп ойладың ба?!
Біз Сен түгілі Махамбеттің басын кесіп, ұлы Абайды қамшымен сабап, Біржан салды арқанмен байлап, Ақан серіні жындандырып... Одан бері Мұстафаны бақиға аттандырып, Бексейітті мерт қылып...
Сен түгілі өз ұлдарымызды аямай, жер жастандырған елміз. Біздің елде Ұлы болып жүруге болмайды, "Ұры" болып жүруге болады... Сондықтан ел үшін еткен еңбегіңе, бізді әлемге танытқаның үшін бек рахмет және КЕШІР БІЗДІ !",- деп жазды Бауыржан Халиолла.
"Бір ұлың өтті, құлының кетті, куәсің,
Азапқа мұндай есіл ел қайдан шыдасын.
Қанішерлерді көтеріп жатқан қара жер,
Қайранмын, қалай жарылып кетпей тұрасың?
Күллі әлем қанық болып ед атақ, атыңа,
Сай болып өттің азамат деген затыңа.
Жиырма бес жыл-ақ жарқырап тұрған жұлдызым,
Аспаннан жерге ағып түстің ау қапыда, Бақұл бол!!!",- деген өлең жолдарымен қоштасты ақын Бауыржан Халиолла.