Басты жаңалықтар
Ақмола облысында тас басып қалған экскаваторшы 11 сағаттан кейін құтқарылды
- автор kyn.kz
- 22 шілде, 2018
- 640
Қазір 25 жастағы шопыр ауруханада жатыр
Ақмола облысында алтын өндіретін кеніште экскаватордың үстіне тастардың үйіндісі құлап, жүргізушіні басып қалды.
Ақмола облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкері Думан Дəлешовтың мәліметінше, құтқару жұмыстары 11 сағатқа жалғасты.
Оқиға таңертең сағат 08:00 шамасында «Алтынтау-Көкшетау» ЖШС ашық кенішінде болды. Тау жынысын қопарып жатқан экскаватордың үстіне тастардың үйіндісі құлап, кабинаны ішіндегі жүргізушісімен бірге басып қалған.
11 сағатқа жалғасқан құтқару жұмыстарынан кейін 1993 жылы туған жүргізушіні кабинадан алып шығу мүмкін болды.
«Экскаваторшыны аман-есен алып шықты. Қазір ол ауруханада», - деді Думан Дәлешов.
Оқиға орнында құтқару жұмыстарын ТЖД-ның жеке құрамындағы 13 адам мен 2 арнайы техника жəне медицина қызметкерлері жүргізді.
Келесі мақала
Актер Әлімбаевті өлтірді деген күдікпен 3 адам ұсталды
Ұқсас жаңалықтар
Басты жаңалықтар
Синоптиктер 2026 жылдың алғашқы айына арналған ауа райы болжамын ұсынды
- авторТомирис Тоныкөк
- 31 желтоқсан, 2025
Басты жаңалықтар
Жаңа жылдық мереке күндері ХҚКО-лардың жұмыс кестесі белгілі болады
- авторТомирис Тоныкөк
- 31 желтоқсан, 2025




