Ауыз бекіткенде шөлдемеу үшін не істеу керек?
Қасиетті Рамазан айы жаз айларына сәйкес келетіндіктен, оңтүстік өңірлердің халқын әбігерге салатыны рас.Ауыз бекіткендер қарны ашпағанымен, кейде шөлге шыдамайтынын айтып жатады. Ораза кезінде шөлдемей жүрудің амалдарын біле жүріңіз.
1. Көкөністерді көбірек пайдалануға тырысыңыз. 2. Ауыз бекітерде бір шымшым тұз салынған тұзды су ішсеңіз, күні бойы шөлдемей жүресіз. 3. Ораза кезінде өте ащы, тұзды, қуырылған, майлы және тәтті тағамдардан бас тартыңыз. 4. Жеміс-жидектер адам ағзасына пайдалы болғанымен, ораза кезінде шөлдетуі мүмкін. 5. Шай, кофе, газдалған сусын ішпеген дұрыс.