Басты жаңалықтар

Маңғыстаулық жастар бірігіп 80 жастағы қарияға үй салып берді (видео)

Ақтаулықтар күш біріктіріп қарияның үйін жиһазға толтырып берген

Қарты бар үйдің - қазынасы бар. Осы қағиданы жанына серік еткен маңғыстаулық жастар 80 жастағы қарияға үй салып берді деп хабарлайды Маңғыстау-Қазақстан арнасына сілтеме жасаға KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Қайырымды жандар қарттың үйіне екі рет азық-түлік алып барып, атайдың үйінің тұруға жарамсыз екенін түсінеді. Сөйтіп, олар отбасыға жаңа үй салып беру туралы шешімге келеді.

Бір топ Ақтаудың қайырымды жандары құрылыс жұмыстарын сәуір айында бастап, бір жарым айдың ішінде сәтті аяқтаған. Сөйтіп, қария ұлымен бірге 40 шаршы метрді құрайтын жаңа үйге қоныс аударды.

Айта кетейік, үйді жабдықтауға барша қайрымды жандар ат салысқан. Бірі құрылысқа қажетті заттармен, бірі төсек-жабдықтармен енді бірі жиһаз алып қол ұшын созған.

Асарлатып салынған үйге маңғыстаулық кәсіпкерлер, әкімдіктегілер, түрлі мекемелер да ат салысқан.