Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Алматыдағы автобустар соқтығысы: 18 жолаушы дəрігердің көмегіне жүгінді

Алматыдағы автобустар соқтығысы: 18 жолаушы дəрігердің көмегіне жүгінді
ашық дереккөз
Жараланғандардың 4-уі ауруханаға жатқызылды.
Алматыда Автобустар соқтығысып 18 жолаушы дəрігер көмегіне жүгінген, деп хабарлайды қалалық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметі. «22 шілде күні сағат 09.58-де жедел жəрдем стансасы пультіне көлік апаты туралы хабар түсті. Оқиға орнына 10 қызметкер шықты. Сағат 10.06-де жедел жəрдем тобы апат орнына жетті. Қала клиникасына 18 зардап шегуші жеткізілді. Олардың əрқайсысы түрлі жарақат алған. Оларға тексеру жасалып, қажетті медициналық көмек көрсетілді»,- деді басқарманың баспасөз қызметі. Жараланғандардың 4-уі ауруханаға жатқызылды. Алғашқы медициниалық көмекке жүгінгендер арасында 3 бала бар. Ата-аналары ауруханаға жатқызудан бас тартқандықтан олар жергілікті дəрігердің амбулаторлық қадағалауына тапсырылды. Еске сала кетсек, осыған дейін Алматыда екі автобустың бетпе-бет соқтығысқандығы туралы хабарлаған болатын.  
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар