Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Көкшетауда эксковаторшының аяғынан айырылуы: Қылмыстық іс қозғалды

Көкшетауда  эксковаторшының аяғынан айырылуы: Қылмыстық іс қозғалды
ашық дереккөз
Ақмола облысы "Алтынтау-Көкшетау" ЖШС-де орын алған төтенше жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғалды
«Кəсіпорында орын алған төтенше жағдайға байланысты полиция ҚР ҚК-нің 156-бабы бойынша (еңбекті қорғау ережесінің бұзылуы) іс қозғады», - деді Г.Пинчук. Еске салайық, 21 шілде күні таңғы сағат 08:00 шамасында «Алтынтау-Көкшетау» ЖШС-ның ашық кенішінде тау жынысын қопарып жатқан экскаватордың үстіне тастардың үйіндісі құлаған болатын. Тастар жүргізуші отырған кабинаны басып қалды. Құрсауда қалған 1993 жылғы жүргізуші 11 сағатқа жалғасқан құтқару жұмыстарынан кейін ғана босатылды. Екі аяғы қатты зақымданған 25 жастағы жігіт жедел жәрдеммен Ақмола облыстық ауруханасына жеткізілді. Бүгін белгілі болғандай, оған ота жасалған. Бірақ ұзақ уақыт бойы салмағы бірнеше тонна тастың астында езіліп, қимылсыз жатқан оның жансыз аяқтарын дəрігерлер сақтап қала алмады. Оған ампутация жасалды.  
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар