Басты жаңалықтар

Еліміздің кей өңірлерінде қатты ыстық күтілуде

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінің кей жерлерінде тұрақсыз ауа райы күтіледі

Қазақстанның бүгінгі ауа-райы тұрақсыз болады. Кей жерлерде найзағаймен бірге жаңбыр жауады, жел күшейіп, республиканың оңтүстігі мен батысында шаңды дауыл тұрады, солтүстігінде дауыл болады. Күндіз кей жерлерде республика бойынша бұршақ жаууы мүмкін.

Ақмола мен  Қарағанды, Батыс және Шығыс  облыстарында найзағай болып, бұршақ жаууы мүмкін. Желдің екпіні 15-20 м/с- ке дейін күшейіп, тұман болады. ШҚО-нда дауыл болуы ықтимал.

Алматы, Павлодар облыстарында кей жерлерде найзағай байқалады, жел 15-20 м/с, бұршақ жаууы мүмкін, Алматы облысында – тұман.

Жамбыл облысының кей жерлерінде жел күшейеді 15-20, екпіні 23 м/с, таңертең және күндіз найзағай болады. Бұршақ жаууы ықтимал.

Түркістан, күндіз Атырау облыстарының кей жерлерінде найзағай күтіліп, жел 15-20 м/с күшейеді. Қызылорда, Ақтөбе облыстарындың кей жерлерінде жел күшейеді 15-20 м/с, шаңды дауыл тұрады. Қызылорда облысында түнде және таңертең - найзағай. Қостанай облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Маңғыстау облысында күндіз найзағай болады.

Алматы, Атырау облыстарында, Түркістан, Маңғыстау, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық болады.