Басты жаңалықтар

Рейске кешігіп, ұшақтың есігін жұлқылаған жолаушы елдің ішек-сілесін қатырды

Рейсіне кешігіп қалған саяхатшылардың бірі ұшақтың есігін сындырып кірмек болды.

  Мельбурн әуежайына баса көткеп кірген жолаушы, рейсіне бірнеше сағатқа кешігіп қалғанын түсінгісі келмеген. Ол тура әуежай ғимаратында темекі шегіп, артынша күзеттің ескертуіне мән берместен, алғашқы ұшаққа қарай беттеген. Жігіт өзін тоқтатпақ болған әуежай қызметкерлерін итеріп жіберіп, ұшақ есігін сындыруға кіріседі. Қызметкерлер оны тоқтату үшін кішігірім жарақаттар алып үлгерген. Ақыры ашуға булыққан азаматты полиция тоқтатып, қамауға алды. Ал қосымша тексерістен өткен ұшақ әуеге көтерілген.