Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Денистің көзі тірісінде берген сұхбаты халықтың көңілін босатты (видео)

Денистің көзі тірісінде берген сұхбаты халықтың көңілін босатты (видео)
ашық дереккөз
Мәнерлеп сырғанаушы берген сұхбаттың бірінде мұз айдынында өзін тек 25 жасына дейін көретінін айтқан еді.

Танымал спортшы Денис Теннің көзі тірісінде берген сұхбаттарының бірі желіде тарап, көпшіліктің көңілін босатты. Онда мәнерлеп сырғанаушы өзін мұз айдынында тек 25 жасына дейін ғана көретінін айтқан еді. Сондай-ақ өз өмірінің барлығын мұз айдынында өткізетінін де сөз еткен.

Желі қолданушылар:  "Сұхбатты алғаш көргенде есеңгіреп қалдым. Денистің қазасы туралы естігенде де осындай күйге түскен едім", "Иманды болсын", "Өте өкінішті, неге 50-ге дейін демеді екен?", "Құдай аузына салып тұр ғой", -деген сияқты пікірлерін қалдырған болатын.

Айта кетейік, Денис Тенді көлігінің айнасын ұрламақ болған екі азамат пышақтап кеткен болатын. Ауруханаға жетемін дегенше үш литрдей қан жоғалтқан азаматтың өмірі үшін дәрігерлер күрескенімен, аман сақтап қала алмады. Мәнерлеп сырғанаудан спорт шебері Денис Тен 25 жасында өмірімен қош айтысты.

https://www.instagram.com/p/Blh4uO7lrYG/?utm_source=ig_web_copy_link
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар