Басты жаңалықтар

Жәния Джуринская әлеуметтік желі арқылы халықтан көмек сұрады (видео)

Актриса шебердің әмиянын ұрлаған әйелді іздестіріп жатыр.

Актриса Жәния Джуринская өзінің сұлулық салонына келіп шебердің әмиянын қолды қылған әйелді іздестіріп жатқанын айтты, деп хабарлайды Kyn.kz ақпарат агенттігі. Жәния Джуринская Instagram желісіндегі парақшасында ұрлық жасаған әйелдің суреті мен видеосын бөлісіп, жұрттан көмек сұрады.

«16 шілде күні JD studio студиясына белгілі бір процедураларға жазылғысы келетінін айтып «клиент» келді. Ол қандай да бір жолмен шебердің сөмкесінен әмиянды ұрлап, кейін қашып кеткен. Қазір біз оны іздестіріп жатырмыз! Оның бұрын да дәл осылай ұрлық жасап келгені белгілі болды. Видеода оның басқа салонда ұрлық жасап жатқан сәті түсірілген. Оған қатысты қандай да бір ақпарат болса, бізге хабарласуларыңызды сұраймыз. Телефон нөмір: 87712019236», - деп жазды актриса. Автор: Kyn.kz