Ринат Гайсин: Денис Теннің музыкалық қабілетіне қатты таңғалдым
Санжар Мәдиев қызының үнемі Денис Тенді іздейтінін айтты
Марқұм мәнерлеп сырғанаушы көзінің тірісінде Санжар Мәдиевпен бірге ағылшын тілінде бірге ән салуды жоспарлаған. Аталған әннің музыкасы мен сөздерін спортшы өзі жазған. Сондай-ақ, бұл әнді алғаш болып тыңдаған Ринат Гайсин Денис Теннің музыкалық қабілетіне қатты таңырқай қарағанын жеткізді, деп хабарлайды Kyn.kz ақпарат агенттігі. «Дәл қазір менімен барлығының келісетініне сенімдімін. Жанында болған кезде құдды оны өмір бойы білгендей күй кешесің. Біліп қана қоймай, өмір бойы іздеп жүргендей. Ол мінсіз, нағыз дос болатын жан. Біз 2015 жылы 2 сәуір күні Оралда өткен бір шарада кездестік. Сол уақыттан бері доспыз. Менің қызым оны қатты жақсы көреді. Кездесіп қалсақ болды, «Денис ағам қайда?» деп сұрайды. Біз бірігіп ән жазуды жоспарладық. Жақында ғана осы мәселені талқылап, оған өз сөздерімнің нұсқасын жібергенмін. Ал ол үнемі «Саған, расымен, ұнады ма?» деп сұрап жүрді. Бұл әнді рингтон ретінде қойып қойдым. Бірінші рет естіген кезде, оны Денистің өзі жазып, өзі орындағанына сене алмадым», - дейді Санжар Мәдиев.
Сондай-ақ, спортшының ерекше музыкалық қабілеті туралы сазгер Ринат Гайсин де айтып берді. Ол спортшының әнін тыңдап, кәсіби маман ретінде қатты таңғалғанын жеткізді. «Ол маған өзінің музыкалық тректерін көрсете бастаған сәтте мен қатты таңғалдым. Шын айтамын! Сол сәтте мен іштей кәсіби маман ретінде қатты таңғалған едім. Біз секілді қайнап тұрған өнердің ортасында жүргендердің шын таңғалуы сирек құбылыс. Оның үстіне ол бұрын-соңды бұл салада болып көрмеген адам еді. Бірінші рет мелодиясын тыңдаған кезде, Денис аздап қысылыңқырады. «Ринат, мен бірнәрсе жасағандай болдым. Бұдан ән шыға ма, қарап көріңізші» деп айтатын. Ал мен «Денис, бұл жерде сенің жаның мен жүрегің ән салып тұр» дедім. Оның дауыс тембрінде, әнінің әр сөзінде шынайы өмір жатыр», - дейді Ринат Гайсин. Автор: Kyn.kz