Лəйлə: Ернарды той əншісі деп кемсіткеннен ештеңе өзгермейді
"Ернардай болып алсын солай сөз еткендер"
Ләйлә Сұлтанқызы Ернар Айдарды "той әншісі" деп айта беруді доғару керек дейді. Айтуынша, оны солай айтқаннан ештеңе өзгермейді. "#тойдыңәншісі#тойдыңәншісі дей бергенмен бірнәрсе өзгере ме? Ал, солай-ақ болсын дейік, тойда да ән айтатын әнші керек қой. Әркім өз тойында сүйікті әншісін көргісі келеді, онда тұрған ештеңе жоқ деп ойлаймын"- деп Ләйлә өзінің инстаграм парақшасына жазған. Ал желі қолданушылар болса, оны тек қолдайтындарын жеткізді. " Соны айтам", "Ернардай болып алсын солай сөз еткендер", "Ернар талантты әнші, өлеңдері билеуге тұрарлық энергия сыйлайды" деп өз пікірлерін білдірді. https://www.instagram.com/p/BlfQM5_AmvQ/?utm_source=ig_web_copy_link