Басты жаңалықтар
Әли Оқапов Денис Теннің өз әдепсіздігіне қалай түсіністік танытқанын еске алды
- автор kyn.kz
- 23 шілде, 2018
- 357
«Қоңырауыма жауап береді деп ойламадым».
Танымал әнші Әли Оқапов Денис Теннің кеңпейілділігіне таңырқай қарағанын жеткізді. Спортшы алдын ала билеттерді алмаған досына түсіністік танытып, шоудың басталуына 20 минут қалғанда оларды құшақ жая қарсы алған екен, деп хабарлайды Kyn.kz ақпарат агенттігі Хабар арнасына сілтеме жасап.
«Билеттерді алдын ала сатып ала алмағандықтан, Денисті шоудың басталуына 20 минут қалған кезде мазалауыма тура келді. Мұның барып тұрған әдепсіздік екенін білемін. Мен дайындықтың, өнер көрсетуге шығар алдындағы сезімнің не екенін білемін. Концерттің басталуына 10-15 минут қалғанда билет іздеп жүгіретін адамдарды өз көзіммен көргенмін. Бұл негізі дұрыс емес. Мұндайды алдын ала жоспарлау қажет. Бірақ, менде мұндай мүмкіндік болмады. Шынымды айтсам, ол тұтқаны көтермейді деп ойладым. Алайда ол менің қоңырауыма жауап берді», - дейді әнші.
Әрі қарай Әли Оқапов өзі күтпеген жағдайға тап болғанын жеткізді. Спортшы оларға алдыңғы қатардан орын әзірлеп қойған екен.
«Иә, кел. Мен сені күтіп отырмын. Сенің билеттерің дайын. Қазір адам жіберемін. Ол сізбен кездесіп, билеттерді қолыңызға ұстатады» деді. Мен жалғыз емес, достарыммен келдім. Ол бәрімізді VIP секторға, бірінші қатарға отырғызды. Бұл бізге көрсеткен құрметі еді. Шыны керек, залдың шетінде отыратын шығармыз деп ойладым бастапқыда. Осы сәтте мәнерлеп сырғанаушылардың өнерін алғаш рет өз көзіммен көрдім. Ол мүлдем басқа салада жүруі мүмкін еді. Бәлкім тамаша музыкашы болып, кино саласында жүрер ме еді?! Спортшылар – алдыларына қойған мақсатқа қалай жету керектігін білетін адамдар. Армандары үшін де күресе біледі», - дейді Әли Оқапов.
Автор: Kyn.kz