Басты жаңалықтар

Қазақстандық жұлдыздар мұз айдындарының біріне Денистің есімін беруді ұсынды

«Аллаһ тағаланың өлшеп берген өмірін ешкім де не бір секунд ілгері, не кейін өзгерте алмайды»

Қазақстандық жұлдыздар әлеуметтік желі арқылы елдегі мұз айдындарының біріне Денис Теннің есімін беруді ұсынды, деп хабарлайды Kyn.kz ақпарат агенттігі. Әнші Сәкен Майғазиев те бұл бастаманы толық қолдайтынын жеткізді. «Мен – қазақпын» деген таудай жүрегіңнен айналдық, Денисжан. Кешеден бері іштегі алай-дүлей күй, ой тыныштар емес. Дана халықтың сүйегіне таңба болды-ау. Бір қарын майды бір құмалақ шірітеді. Өкінішті. Аллаһ тағаланың өлшеп берген өмірін ешкім де не бір секунд ілгері, не кейін өзгерте алмайды. Я, раббым! Бізді кешіре гөр! @alibekovkz , @meirzhan_makefilms.kz бауырларымыздың еліміздегі мұз айдындарының бірінің атын Денис Тен деп өзгерту бастамасын мен де қолдаймын», - дейді Сәкен Майғазиев. Бұл бастаманы бірінші болып Бейбіт Әлібеков көтерді. Ол «Бұл Денис үшін жасай алатын ең кішкентай нәрсе» деп жазды. Автор: Kyn.kz