Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Белгілі блогер Дениспен қоштасуға келгендердің әдепсіздігін әшкереледі

Белгілі блогер Дениспен қоштасуға келгендердің әдепсіздігін әшкереледі
ашық дереккөз
Нагимуша: Соншалықты жиіркенішті болғанын сөзбен жеткізе алмаймын. Бұл - нағыз сұмдық
Халық арасында Нагимуша деп аталып кеткен блогер Денис Тенмен қоштасуға келген халықтың іс-әрекетін сынға алды. Сол үшін, өзінің Instagram желісіндегі парақшасында жұрттың ақылға қонымсыз әрекеттерін басып айтқан. Вайнердің сөзінше, ол елдің қылығына  қатты ұялды. "Кеше, қоштасу рәсімі кезінде, әр адамның жанына барып, қолынан телефондарын жұлып алып, "мұны не үшін істеп тұрсыз, не үшін? Сіз оны ақтық сапарға шығарып салып тұрсыз ғой, сондықтан лайықты іс-әрекет жасаңыз!" деп айтқым келді. Иә, ұйымдастыру жағы дұрыс болмады, халықтың қарасы да көп болды. Бірақ Балуан Шолақ атындағы спорт сарайын әдейі таңдап алған. Себебі, бұл оның өнеріне соңғы рет куә болған жер", -деді Нағима. Бойжеткен жерлеу рәсімінде адамдардың айқай-шуынан құлақ тұнып, олар бір-бірін таптап кетуге дейін әзір болғанын айтады. Ел бір-бірін итеріп, естен танып, бірнеше рет жедел жәрдем шақырған. "Соншалықты жиіркенішті болды, бұл - нағыз сұмдық. Ал елдің барлығы телефонын шығарып, фотоға түсіре бастауы - сорақылық. Біздің халық өзін мал сияқты ұстағаны менің жаныма батты", - деді наразы болған вайнер. Оған қоса, жерлеу рәсімінен соң Денистің әпкелері де наразылық танытқан. Олар жұрттың тіпті анасының көз жасына да қарамай, суретке түсіруді жалғастырғанына ренжіпті https://www.instagram.com/p/BlbC4bpnF8m/?utm_source=ig_web_copy_link
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар