Денис Тен алғашқы махаббаты туралы: 21 жасымда ұсыныс жасағым келді
Марқұм спортшы кездесуді жаттанды сценариймен өткізбеуге кеңес берді.
Марқұм спортшы көзінің тірісінде соңғы берген сұхбатында алғашқы махаббаты туралы айтып берген еді. Олардың қарым-қатынасы бес жылға созылған екен. Десе де, белгісіз себептермен бүгінде қарым-қатынастары үзілген, деп хабарлайды Kyn.kz ақпарат агенттігі Gakku арнасына сілтеме жасап. «Мен ол кезде 13 жаста болдым. Ол қыз да мәнерлеп сырғанаумен айналысатын. Жасы менен едәуір кіші болды. Оған хат жазуды үйреткенім есіме түсіп отыр. Кейін екеуіміз бес жылдай хат алмасып жүрдік. Оған қарым-қатынасым ерекше еді. Өскен соң үйленеміз деген қиялмен өмір сүрдім. 16 жасымда 21 жасымда Сочи олимпиадасында жеңіске жетемін, ал ол қыз 18 жасқа толады. Келген соң оған бірден ұсыныс жасаймын деп жоспарладым. Қарым-қатынасым, расымен де, ерекше болды. Бұл саналы махаббат еді. Ессіз ғашық болып, өз-өзімді жоғалтып алған жоқпын. Бар болғаны қолымда алтын тұр, оны бағалауым керек деп түсіндім. Оны ерекше жан еткім келді. Үнемі онымен өмірлік тәжірибемді бөлісіп отыратынмын. Ойын жақсы арнаға бұруға тырыстым», - дейді Денис Тен. Сондай-ақ, спортшы құрдастарына кездесуді жаттанды бір сценариймен өткізбеуге кеңес берді. «Қатып қалған шаблоннан тыс әрекет жасап, шынайы болудан қорықпа. Әңгіме жігіт туралы болса, осылай дер едім. Алғашқы кездесу дегеніміз – екі адамның жолығуы. Менде ешуақытта кездесу болған емес. Яғни мен мұны бұлай атамаймын. Мен үшін бұл – ғажайып, қандай да бір әсер алатын кеш. Бұл мәселеге келгенде шоумен болып кетемін. Белгілі бір атмосфера тудыруды мақсат тұтамын. «Тауға барайық, ананы көрейік» дегендей ерекше күн. Адамның сыртына емес, жан-дүниесіне ұнағым келеді. Яғни мұндай кездесулер шаблонға айналмаса екен деймін. Әдетте жігіттер қызға гүл сыйлап, мейрамханаға немесе киноға алып барады. Кейін жақынырақ танысуға әрекет жасап, жылы сөздер айтады. Мұндайға қарсымын», - дейді ол. Автор: Kyn.kz