Куәгер Денис Тен туралы: Қанға малынған аяғына қарауға қорықтым
Назым Юнусов дәрігерлердің Денис Тенді құтқару үшін барын салғандарын айтты.
19 шілде күні №12 ауруханада емделіп жатқан науқастардың бірі Денис Теннің ол жерге қандай жағдайда жеткізілгенін еске алды. Айтуынша, дәрігерлер қолдан келгеннің бәрін жасады. Спортшы жарақатының ауыр болғаны соншалық, куәгер қарап тұруға қорыққан екен, деп хабарлайды Kyn.kz ақпарат агенттігі. «Кеңсе іші. Құрылғыларды қосып жатқан едім. Тоқ соқты. Денем қатты ауырды. Құлағым шымылдап кетті. Бірнеше секунд ешнәрсе сезбей қалдым. Есімді жидым. Шок алдым. 10 минуттан кейін жүрегім қатты ауыра бастады. Тынысым тарылып барады. Жедел жәрдем. №12 аурухананың қабылдау бөлмесі. Дәрігерлер капельница қойып, өзім төсекте жаттым. Жедел жәрдем әртүрлі науқастарды әкеліп жатты. Кенет қаптаған дәрігерлер аяғы қанға малынған науқасты алып кірді. Ұзақ қарап тұруға қорықтым. Жағдайының қиын болғаны соншалық, мен төбеге қарап жатып қалдым», - деп жазды куәгер. Сондай-ақ, Назым Юнусов спортшының жақындарына көңіл айтып, кез келген сәтте үзіліп қалуы мүмкін өмірді бағалауға шақырды. Бір уақытта адамдар бұл Олимпиада чемпионы деп айқайлай бастады. Менің спортшы досым болғандықтан қатты қорқып кеттім. Көрдім... Сол сәтте өзімді қалай сезінгенімді тіпті айтып жеткізе алмаймын. Мен оны жеке танымасам да, ол туралы тек жақсы сөздер естіген ем. Үнемі. Мен сенімді түрде дәрігерлердің қолдан келгеннің бәрін жасағанын айта аламын. Олар көп болды. Денистің жақындары мен туыстарына көңіл айтқым келеді. Жас болғанына қарамастан, ол көптеген жетістіктерге жетті. Біз ешуақытта өлім туралы ойламаймыз, себебі бұл туралы ойлау өте қорқынышты. Бірақ, өмірімізді бағаламаймыз. Ал ол кез келген сәтте үзіліп кетуі мүмкін. Өздеріңіз бен жақындарыңызға, достарыңызға қамқор болыңыздар», - деп жазды Назым Юнусов. Автор: Kyn.kz