Танымал стилист талғамсыз киінген Жорабаева мен Әлқожаны сынға алды
Райхан Қорған: Әрине, «ойбай, ұят-ай» дейтіндер бар шығар?! Себебі, бір көзге менталитетке жат көрінуі мүмкін
Отандық әншілердің сахналық образдарын саралай келе, стилист Райхан Қорған эстрада жұлдыздарының талғамына берген бағасы келесідегідей: Кәмшат Жолдыбаева
Бұл – сахналық образ. Ешқандай артықшылық пен кемшілікті байқап тұрған жоқпын. Әрине, «ойбай, ұят-ай» дейтіндер бар шығар?! Себебі, бір көзге менталитетке жат көрінуі мүмкін...
Бұл ашық түсті, ерекше, барлық назарды өзіне аударатын киім нағыз шоу-бизнеске арналған. Әрине, мұндай киімді Кәмшат күнделікті өмірде немесе тойларға кимесі анық. Маған ерекше ұнады.
Үстіндегі халаты керемет екен. Мен мұны басқа қарапайым киімдермен киіп, көп назарды осы халатқа аударуға тырысар едім. Бұл жердегі үш түс өзара жарысып, бәсекелесіп, сәнін кетіріп тұрғандай.
Оның үстіне аяқ киімі де дұрыс таңдалмаған. Нәтижесінде үш әдемі киімнің ешбіріне де мән берілмей, үйлесімсіз болып қалды.
Алтынай Жорабаева
Меніңше, бұл көйлекті Алтынай ханымның атына сәйкес жасаған сияқты. Алайда, шектен тыс алтын түстес мата мен көп ұсақ-түйектер көйлектің сәнін кетіріп тұрғандай...
Одан бөлек алтын түстес матаның өзі Алтынай ханымды толық көрсетіп тұрғандай. Дәл осындай үлгідегі көйлекті тек басқа түспен және мынау артық гүлдерсіз, жеңсіз ұсынар едім.
Роза ӘлқожаМынау образға мен екі деген баға берер едім. Артық дүниелер көп. Қазақта «артық қыламын деп – тыртық қылды» деген сөз бар. Соның күйін кешіп отыр. Құлағында сырға, көйлегі мен бас киімінде әшекейлер, жеңінде де ерекшелік – тым артық.
Одан бөлек түстері де дұрыс таңдалмаған. Розаны толық көрсетіп, әрі өзінің сұлулығын жоғалтып жіберіп тұр. Мен бұл образды өзгерту үшін бәрін лақтырып тастап, қайтадан басынан бастап жасайтын шығармын.