Басты жаңалықтар

Петропавлда екі кішкентай баланың ата-анасы жоғалды

Құзырлы органдар екі бүлдіршіннің ата-анасын іздестіріп жатыр

Алдымен әлеуметтік желіде жоғалған балалар туралы ақпарат тараған болатын. Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінде бұл ақпарат расталды. Олардың мәлімдеуінше,  сағат 16.00 шамасында 102 пультіне  хабар түсті. Онда Зарченый кентіндегі үйлердің бірінің кіреберісінде екі кішкентай бала отыр деген ақпарат айтылады. «Жақын маңда болған автопатруль хабарламаны тексеріп, балалардың үлкендерсіз жүргенін анықтады. Ата-аналарының орналасқан жерін анықтау бойынша шаралар жүргізілуде», - деп хабарлады баспасөз қызметі. Ювеналды полицейлер балаларды облыстық балалар ауруханасына жеткізді.