Басты жаңалықтар
Қызылорданың түзеу мекемесінде жазасын өтеушілер ауыздарын тігіп тастады
- автор kyn.kz
- 24 шілде, 2018
- 268
Қызылордадағы ЗК 169/5 қатаң режімдегі түзеу мекемесінің 4 сотталған азаматы еріндерін тігіп тастады
Жазасын өтеуші азаматтардың айтуларынша, олар бұл қадамға өз құқықтарының бұзылғаны үшін наразылық ретінде барған. Түрмедегі жағдай нашар әрі тәртіп сақшылары сотталғандарға дөрекілік көрсетеді-мыс.
Сондай-ақ абақтыға қамалғандардың туған-туыстарына қоңырау шалу мүмкіндігі де нашар көрінеді. Бұл туралы бас бостандығынан айрылғандардың жақындары қоғамдық бақылау комиссиясына шағымданған.
Аталмыш фактіге қатысты қазіргі таңда қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Ал қылмыстық атқару жүйесі департаментінің бастығы Ғанибек Отарбаев жағдайдың қалыпқа келгенін айтуда.
«Сотталғандар мерзімін өтеп жатқан мекеменің әкімшілігінен іштегі ауаның тарлығынан есікті ашып қоюды талап етті. Бұған енді нормативтік актіге байланысты ол қапастың есіктері жабық болуына талап бар. Болған жағдайға байланысты прокуратура, ҮЕҰ өкілдері келіп, олармен әңгімелесу жұмыстарын жүргізді. Бұдан кейін олар сымды еріндерінен өз еркімен алып тастады. Қазір жағдайлары жақсы», - деді облыс бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы Ғанибек Отарбаев.