Ықтияр хаты үшін қазақ қызына үйленген малайзиялық азамат балаларын тартып алды
Малайзиялық азамат қазақстандық арудан ықтияр хатын алып, соның көмегімен қомақты ақшаға ие болғысы келгенін жайып салды
Малайзиялық азаматқа тұрмысқа шыққан қазақстандық бойжеткен балаларын өзіне қайтара алмай дабыл қағуда.
"Егер мен Малайзияға қайтып оралсам, сенде көк тиын болмайтынын түсінесің бе? Бұны саған айтуға қорыққан едім, себебі, айтатын болсам, кері қайтару мүмкін болмайды. Мен үшін саған үйленудің басты себебі ықтияр хатты алу еді. Соның көмегімен қомақты ақшаға ие бола аламын", - деп жазған малайзиялық азамат әйеліне.
Ал бұл жауапты көрген бойжеткен балалары туралы сұрайды. Егер о бастан махаббатпен үйленбесе, не үшін екі бала сүюге дейін барған. Соған ер адам той күнінен бастап ажырасуды ойлап келгенін және "бұлай боларын білмегенін" алға тартқан.
Бұл құжаттың негізінде бойжеткеннің адвокаты сот арқылы некенің заңсыз екенін дәлелдеп, малайзиялықты әке құқығынан айырмақ.
Еске салсақ, Алматы тұрғыны малайзиялық күйеу баласының немерелерін ұрлап әкеткенін айтып, мұңын шаққан болатын. Ұрланған балаларды малайзиялық полиция іздестіруде.