Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Назима күйеуімен ажырасуға не себеп болғанын айтып берді

Назима күйеуімен ажырасуға не себеп болғанын айтып берді
ашық дереккөз
«Оның менің адамым еместігін, онымен бірге тұра алмайтынымды түсіндім».
Жуырда Ресейде өткен «Песни на ТНТ» байқауында ерекше көзге түсіп, Тиматидің өзі дуэт айтуды ұсынған қазақстандық Назима отбасылық жағдайы туралы айтып берді. Әнші тұрмыстық өмірінің алғашқы жылдарында-ақ күйеуімен ажырасып кеткен екен, деп хабарлайды Kyn.kz ақпарат агенттігі instavideo7 парақшасында жарияланған видеоға сілтеме жасап. «Оның менің адамым еместігін, онымен бірге тұра алмайтынымды түсіндім. Әр күніміз қызықсыз бола берді. Қысқасы екеуіміз бір-бірімізді түсінбедік. Соңында көп ұрысып, ақыры тілдесуден қалдық. Яғни бір шаңырақ астында тұрсақ та, мүлдем сөйлеспедік. Қызыма екі ай толған кезде біз одан кеттік. Иә, бар заттарымызды жидық та кетіп қалдық. Тіпті, онымен қоштасқан да жоқпыз», - деді Назима Сондай-ақ, әнші сол күні алғаш рет әке-шешесіне отбасылық қиындықтары туралы айтқанын жеткізді. Бұл уақытқа дейін ол проблемалары туралы тіс жарып ешкімге айтпаған екен. «Жоқ, мен қашқан жоқпын. Енем кетіп бара жатқанымды көрді. Ал мен әке-шешеме ұрысатынымызды ешуақытта айтқан емеспін. Оларды алаңдатқым келмейтін.  Бірақ, сол күні хабарласып, «Болды. Менің шыдамым шегіне жетті. Мен қайтамын» дедім», - дейді жұлдыз. Автор: Kyn.kz
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар