«Соңғы оқиғалар әбден қажытты». Оқапов қолдау білдірген достарына алғыс айтты (видео)
«Мен туған күндерімді атап өтпеймін. Жақындарым әдетте бұл күні дастархан жаймайтынымды біледі»
22 маусым Әли Оқаповтың туған күні. Алайда әнші жыл сайын дастархан жайып, туған күнін атап өтпейді. Биыл да Денис Тенмен болған жағдайдан кейін ол мерекелік кеш ұйымдастыруды жөн көрмеген екен. Бірақ мұны оның орнына достары жасап, естен кетпес тосынсый әзірледі, деп хабарлайды Kyn.kz ақпарат агенттігі. «Мен туған күндерімді атап өтпеймін. Жақындарым әдетте бұл күні менің дастархан жаймайтынымды біледі. Бірақ, биыл олар бұл дәстүрді өзгертіп, өздері туған күн ұйымдастыруды жөн көріпті. Мен екі мәрте тосынсыйды бұза жаздадым. Өйткені, соңғы оқиғалар мені қажытып тастаған еді. Көңіл-күйім де болмады. Десе де, олар мені аладап, ақыры өз дегендерін жасады. Достар, рахмет сендерге! Маған бұл өте керек еді. Менде бар болғандарың үшін көп рахмет», - дейді Әли Оқапов.
Артынша достары түрлі сыйлықтарымен қуантты. Автор: Kyn.kz