Басты жаңалықтар

Келінін өлтірген қайын атасы қылмысқа не үшін барғанын айтты

Өлтіргім келмеді: Келінімнің өзі мені мұндай қадамға итермеледі

Асылбек Омаров бастапқыда келінін өлтіргісі келмегенін мәлімдеген. Бірақ марқұмның өзі қайын атасын әбден балағаттап, ашуына тиген  көрінеді. Тіпті, шетелдіктермен көңіл қосып, талай рет ұлының көзіне шөп салғанын айтыпты. Естеріңізге сала кетейік, бүкіл елді шошытқан қанды оқиға сәуір айында болды. Семейлік Ақерке Қозыкешова бұрынғы күйеуі алып кеткен 1 жарым жасар ұлын қайтармаққа Оралға барған. Алайда олар баланы беруден бас тартады. Тіпті, немересін қызғанған Асылбек Омаров келіншекті аямай соққыға жығып,  шалбарының бауымен қылқындырыпты. Кейін жүрек тұсына пышақ сұққан. Ол полицияға өзі барып берілген болатын. Марқұмның жақындары болса, қылмысқа бұрынғы күйеу балаларының да қатысы барына сенімді. "Қызымды әкесі мен ұлы бірлесе өлтірді деп ойлаймын. Бұрынғы күйеу баламның да қатысы бар сияқты. Кінәлілерге өлім жазасын сұраймын. Олар қызым өлгелі кешірім сұрап та келген жоқ"-, дейді қайғыдан қан жұтқан  марқұмның анасы