Басты жаңалықтар

«Шар сияқты». Луина үлкейтілген омырауымен мақтанды

Әнші енді қандай төстартқыш киемін деп алаңдамайтынын айтады.

Денесін жартылай жалаңаштауға құмар қыздардың қатарында Луина да бар. Әлеуметтік желідегі парақшаларында шомылуға арналған киімдерінің түр-түрін киіп, сымбатты денесін көрсетуді ұнататын әнші пластикалық ота жасатып, кеудесін үлкейткелі суреттерінің көбейіп кеткенін байқауға болады. Тек желі қолданушылары әншінің кеудесі тым жасанды көрінеді деп сынап тастады, деп хабарлайды Kyn.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның «Айта берсін» бағдарламасына сілтеме жасап. «Қазір кішкене ісіп тұр. Қыздар осы нәрсені түсінбей қалған сияқты. Бастапқыда жасатқым келеді деп, кейін айнып қалып жатыр. Мұның ісік екені айтпаса да түсінікті ғой. Әсіресе туған күнімде қатты байқалып тұрды. Олар шар секілді болып тұрды. Қазір қандай төстартқыш киемін деп басымды қатырмаймын. Мәселе бұда емес. Әрине, төстартқышсыз жүру ыңғайыссыз. Бірақ, ең бастысы, қазір қандай көйлек киемін деп бас ауыртпаймын. Шыны керек, бұл мен үшін проблема еді. Әрине, үлкен проблема болды деп те айта алмаймын. Қазір өзімді 200 пайыз жақсы сезінемін. Өмірімді түбегейлі өзгертіп жібермесе де, көңіл-күйім айтарлықтай өзгерді», - дейді Луина. Автор: Kyn.kz