Басты жаңалықтар
Мұқасан жалаңаштанатын әншілерге: Біз ешуақытта шетел бола алмаймыз
- автор kyn.kz
- 24 шілде, 2018
- 2.3k
Әнші ер азаматтарға қыз баласына ақыл айтқан жараспайтынын жеткізді.
Жартылай жалаңаштанып киінуге құмар қазақ қыздарының мұндай жалаңаштануына жаппай қарсы шығуға шақырған «Меломен» тобының жігіттеріне қарағанда Мұқасан Шахзадаев «Алыс жүрген» жақсы деп отыр, деп хабарлайды Kyn.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның «Айта берсін» бағдарламасына сілтеме жасап.
«Қыздарға ондай ешнәрсе айта алмаймын. Оны әпкелері айтар. Алла қалап қызым болып жатса, мен соған айтуым мүмкін. Қарындастарымыздың бәрі де әдемі. Әні де жақсы, әп-әдемі түрлері бар. Кейінгі кезде олардың ашық-шашық киіне бастағандарын мен де көріп жүрмін. Біз шетел ешқашан бола алмаймыз.
Біздің «қазақ, қазақтың қызы, қазақтың ұлы» деген атымыз бар. Сондықтан, ең бірінші, адам баласы өзін және өзінің қазақ екенін ұмытпаса екен деймін. Қаракөз қарындастарымның жаңағындай тірліктеріне іштей жылайсың. Бірақ, оны сыртқа шығарып қыздарға айта алмаймын, айтпаймын да. Ол Мақпал, Роза апаларымызға жарасады. Ал біз жігіттерімізді тәрбиелейік», - дейді Мұқасан Шахзадаев.
Автор: Kyn.kz