Күдікті Қиясов Денис Тенді пышақпен ауыр жаралағанын мойындады
Алматы ІІД-і мәнерлеп сырғанаушының қазасына күдікті деп танылған Қиясов пен Құдайбергеновтің өз кінәсін мойындағанын мәлімдеді
Полиция қызметкерлерінің мәлімденуінше, Құдайбергенов денис Тенді өлтіруге қолданылған пышақты қайда жасырғанын көрсетті.
Пышақ заттай дәлел ретінде тәркіленіп алынды.
Сонымен қатар, Қиясов Денис Теннің қазасына әкеліп соқтырған ауыр пышақ соққысын өзі жасағанын мойындап отыр.
Істің мән-жайын анықтау үшін құзырлы органдар түрлі сараптамалар жүргізуде.