Ішкі ағзаларымды мұқтаж адамдарға беріңдер: 6 жасар баланың жантебірентерлік ақырғы өтініші жайлы белгілі болды
Англияның Линкольн қаласында алты жасар бала өлер алдында басқа адамдардың өмірін құтқару үшін ішкі ағзасын сыйға тартты.
Бұл туралы The Mirror хабарлады, деп жазады Kyn.kz ақпараттық агенттігі. 17 шілде күні Уильям Кой ағзасын мұқтаж жандарға беруді өтініп, үйінің терезесінен құлап түсті. Оны жедел түрде ауруханаға жеткізгенімен, бала жансақтау бөлімінде жан тапсырды. Кейіннен, баланың жантебірентерлік ақырғы өтініші жайлы белгілі болды. Кой ауруханада жатқан кезінде қайтыс болғаннан кейін басқа науқастарға донор болуға және ағзасын мұқтаж жандарға сыйға тартуға ниет білдірген. Ол анасымен донор болудың жолдарын қарап, соңында осындай шешімге келген екен. «Ол өте сезімтал және мейірімді бала болды. Ал, ол басқа отбасыларға бақыт сыйлағанын білсе, қатты қуанар еді», – деді анасы.