Басты жаңалықтар
Гүлзира Айдарбекова келіні туралы: Осындайға жетпегендер де бар
- автор kyn.kz
- 25 шілде, 2018
- 1.6k
Продюсер неліктен келінін видеоға көп түсіретінін түсіндірді
Гүлзира Айдарбекова соңғы күндері әлеуметтік желіге келінінің видеосын көп жүктеуінің себебін түсіндірді. Rөпшілік ене мен келін татулығын жасандылыққа балаған болатын, деп хабарлайды Kyn.kz ақпарат агенттігі.
«Кейбіреулер келіндерін неге видеоға көп түсіре береді деп тілдейді. Балаларымыз өмірге келген күннен бастап, қандай келін алып келеді екен деп армандаған жоқпыз ба? Осындай күнге жеткендерде бар, жетпегендер де бар. Сыртынан қарап, Алла өмірлерін ұзақ етсін деп дұға тілеп отырып, қуанышымызды жасыра алмайтынымыз да рас. Барша аналарға осындай күндерді Алла нәсіп етсін», - дейді продюсер.
Осыдан кейін желі қолданушылары өз кезектерінде оларға қызыға қарайтындарын жазып, ұзақ ғұмыр тіледі. «Ененің бәрі сіз сияқты болсын өз қызындай көрген. Әрқашан тату болыңыздар. Көз тимесін», «Әумин, жұғысты болсын», «Әумин, айтқаныңыз келсін. Өзі иманы мен санасы бар келін», «Гүлзира, бәрімізге Алла тағалап сол күткен күнді нәсіп етсін. Ақ тілегіңе рахмет» деп жазды.