Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Бар мәселе менталитетте». Досы Денис Теннің соңғы рет не айтқанын еске алды

«Бар мәселе менталитетте». Досы Денис Теннің соңғы рет не айтқанын еске алды
ашық дереккөз
Мәнерлеп сырғанаушы Қазақстанның спорттағы болашағы туралы әңгімелеген.
Денис Теннің дос құрбысы әлеуметтік желідегі парақшасында спортшының ажалынан бір күн бұрын не айтқанын еске алды. Спортшы, расымен де, желідегі парақшасына достарымен бірге түскен суретін салған еді, деп хабарлайды Kyn.kz ақпарат агенттігі. «Көкірегім сыздап ауырып, өзім әрең тыныс алып отырғаныма қарамастан, Дениспен болған соңғы диалогта не айтылғанын сіздерге жеткізуге міндетті екенімді түсінемін», - дейді Нағима. Әрі қарай диалог төмендегідей өрбіген: - Шыныңды айтшы, Қазақстан спортының болашағы бар ма? - Қалай десем екен, бар, бірақ ол күн әлі алыста. Бізде жақсы тренерлер жоқ десе де болады. Болғанның өзінде олар балаларды өте ескі стандарттарға сәйкес жаттықтырады. Мен бала күні жасаған элементтерді әлі күнге дейін жасатады. Меніңше, бар мәселе біздің менталитетте. Алға жүріп, жаңа нәрсе үйренгілері келетіндер аз. Мысалы, мені ешкім Мәскеуге немесе Америкаға барып жаттығуға мәжбүрлеген жоқ. Бұл менің таңдауым болды. Бұрын Үкімет спорт комитетінен «Неге жүлделі орындар жоқ?» деп сұраған кезде, олар «жаттығатын алаңдар жоқ» деп сытылып кететін еді. Ал қазір ше? Мемлекет көп көлемде қаражат бөліп отыр, балалар мен қалаған адамдар жаттыға алатындай керемет мұз айдындары пайда болды. Бірақ, бұл жеткіліксіз. Алаңдар мен секциялар пайда болғанымен, балалар бір сағатқа 2 000 теңге төлеп жаттығуға мәжбүр. Меніңше, бұл дұрыс емес. Себебі, бәрінің бірдей мұндай ақшасы жоқ. Құдай бұйырса, 10-15 жылдан кейін балаларымызды мен жаттықтыратын шығармын. Бірақ, бар мәселе біздің менталитетте екені анық. Біз әлемді, мемлекетімізді өзгерткіміз келсе, өзімізден бастауымыз керек.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар