Басты жаңалықтар

Тұрсын Алагөзов: Адай жұртының болмысын енді түсіндім

«Осылай Баянның артынан ілесе бересіз бе? Өзіңіздің достарыңыз бен ортаңыз қайда?»

Баян Мақсатқызының сүйіктісі, қазақстандық бизнесмен Тұрсын Алагөзов Маңғыстау табиғатына қайран қалғанын, Адай жұртының неліктен батыл мінезді келетінін түсінгенін айтты, деп хабарлайды Kyn.kz ақпарат агенттігі. «Маңғыстау ландшафтысын көріп қайран қалып отырмын. Құдды басқа планетада жүргендей. Бұрын-соңды осыған ұқсас ешнәрсе көрген емес. Осы жерге келгелі ғана Адай жұртының болмысын түсінгендеймін. Ауа райының асқан қолайсыздығы адамдарды батыл ете түскен», - дейді Тұрсын Алагөзов. Әлеуметтік желі қолданушылары да осы сөздерден кейін мақтануға кірісті. Арасында бизнесменді тілдегендер де болды. «Адайлардың жүректері Маңғыстаудың ақ тастарындай аппақ» деп мақтанып қояйық», «Осылай Баянның артынан ілесе бересіз бе? Өзіңіздің достарыңыз бен ортаңыз қайда?», «Маңғыстауға бір рет келген жандар мұнда мәңгілікке қалып қойып жатады. Бизнестің түр-түрі бар» деп жазды желі қолданушылары.