Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Жорабаева құрбысы Айнұр Тұрсынбаева сияқты елді саудаға үйрете бастады

Жорабаева құрбысы Айнұр Тұрсынбаева сияқты елді саудаға үйрете бастады
ашық дереккөз
Алтынай: Білгеніңнен не пайда, өзгеге үйретіп, шапағаты тимесе?!
Алтынай Жорабаева ән айтып қана қоймай, қазақстандықтарға бизнес жоспарды қалай құру керектігін үйрете бастады. Сондай-ақ, әнші өз атына жиһаз салонын ашты, деп хабарлайды Kyn.kz ақпарат агенттігі. «Білгеніңнен не пайда, өзгеге үйретіп, шапағаты тимесе?! «Мен табыс тапқым келеді» деп талпынған жанға талмай түсіндіруге тырысамыз барынша. Кешегі айда күмәнмен қарап, болады, болмайды ма деп жүрген талай қыздың бүгінде айлық алып отырғаны көз қуантады. Шүкір, үйде отырғанда сол ақшаны ешкім әкеліп бермес еді. Әрекетке берекет. Қолы қимылдап әрекет қылғанның аузы аққа жетеді деген осы. Осыған себепкер болып жүргеніме қуанамын», - дейді Алтынай Жорабаева. Бұл әншінің жалғыз кәсібі емес. Осы уақытқа дейін ол Астана және Алматы қалаларында сұлулық салондарын ашқан болатын. Көпшілік оның еңбекқорлығына сүйсінетіндерін жарыса жазып жатыр.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар