Қайрат Құдайберген адамдарға құстардан үлгі алуға шақырды
«Бірнәрседен көңілдері қалған кезде аспанға ұзаққа ұшып кетеді».
Соңғы күндері болған қайғылы жағдайдың көпшілікті есеңгіреткені сөзсіз. Десе де, қоғам белсенділері әлеуметтік желі арқылы халықты жұбатып, бақытты күндердің әлі-ақ алда екенін жазып жатыр. Олардың қатарында кәсіпкер Қайрат Құдайберген де бар. Ол адамдарды құстардан үлгі алуға шақырды, деп хабарлайды Kyn.kz ақпарат агенттігі. «Шығыста құстар мәңгілік еркіндікте жүретіндіктен, олар мұңая алмайды деген наным бар. Бірнәрседен көңілдері қалған кезде аспанға ұзаққа ұшып кетеді. Биіктей түскендері өздеріне жақсы. Аспандағы жел көз жастарын сүртіп, мақсатты түрде жаңа бақытқа жақындай түсеміз деген сеніммен ұшады. Адамдар құстардан көп нәрсе үйрене алады. Адамдар қанаттары сынғандарына қарамастан, ұшып үйренулері тиіс. Бар болғаны жерден көтеріліп, өз-өзімен кездесуге дайын болулары тиіс», - деп жазды Қайрат Құдайберген.