Басты жаңалықтар
Жаттықтырушысы: Денис Тенді басында қыз екен деп ойладым
- автор kyn.kz
- 25 шілде, 2018
- 314
Марқұм спортшы дәл осындай жағдай Евгений Плющенконың басында болғанын айтқан.
Денис Тен өзінің алғашқы жаттықтырушысымен алты жасында кездескен. Айгүл Күмісбайқызы оны қыз бала деп ойлап қалған екен, деп хабарлайды Kyn.kz ақпарат агенттігі. Self Made бағдарламасына сілтеме жасап.
«Шынымдай айтсам, нақты есімде жоқ. Бірақ, дәл осы секілді жағдай ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Евгений Плющенконың басында болған еді. Шашы ұзын болғандықтан көпшілік оны да қыз екен деп қала берген екен. «Қандай сұлу қыз, өзі жақсы сырғанайды екен» деп айтатын болған. Ал ол өз кезегінде «Мен ұлмын» деп жұртты түзеткен. Айгүл Күмісбайқызы да мені бірінші рет көрген кезде «Неткен сұлу қыз, қалай күшті сырғанайды» деп айтқан болатын», - дейді Денис Тен сұхбаттарының бірінде.
Ал жаттықтырушысы Айгүл Күмісбайқызы спортшыны көре салысымен оны алда жарқын болашақ күтіп тұрғанын түсінгенін айтады.
«Денисті бірінші рет көрген кезде, оның болашағы зор екенін түсіндім. Арқасын өте жақсы ұстайтын еді. Мықты спортшы болатыны бірден көрініп тұратын», - дейді Айгүл Күмісбайқызы.