«Мыналар бәле болды». Жанар Айжанова әлеуметтік желіде ұрысты
Белгісіз біреулер әншінің атынан жарнама жасаған.
Жанар Айжанова әлеуметтік желідегі парақшасына осыдан үш жыл бұрынғы суретін салып, оның қандай жағдайда түсірілгенін айтып берді. Сондай-ақ, атынан жарнама жасап жүргендерге ашулы екенін жеткізді, деп хабарлайды Kyn.kz ақпарат агенттігі. «Мыналар бәле болды. Өтпейтін кремдерін әртістерге жауып, өтірік жарнама жасап. Ешқайсысына сенбеңіздер. Мынау менің осыдан үш жыл бұрын анам қайтыс болған жылғы сурет. Жолдан шаршап келе жатқан кезім. Біреудің қайғысын да жарнама үшін пайдаланып жатқан қай имансыз болса да, құдайдан табар. Егер менің бетке жағатын кремдерім сіздерге қызық болса, видеомен жазып тұрып өзім саламын парақшама. Мыналардан ештеңе алмаңыздар. Алданып сатып алған адамдар бәрі жамандап жатыр еш пайдасы жоқ деп. Мен ескерттім, менен кінә жоқ», - деп жазды Жанар Айжанова. Әлеуметтік желі қолданушылары өз кезектерінде, расымен де, осы жарнамаға алданып жүргендерін жазды. «Крем түк емес, ішетін дәрі сатпаса болыпты. Біреудің обалына қалды. Ана сектf сияқты семинарлардан саусыз ба, Жанар әпке?», «Бәсе, қалайша сіз осылай жарнама жасап жүр деп едім», «Жанар апатайым, рахмет сізге. Әйтпесе мұндайларға сенетіндер қаншама? Мен сізді жақсы көремін» деп жазды желі қолданушылары.