Басты жаңалықтар

Альцгеймер ауруын тудыртады: Ғалымдар ұшықтың қаупін анықтады

Әлемнің үздік ғалымдарын біріктірген зерттеу тобы көп жылдардан кейінгі ізденіс нәтижесіне сүйеніп Альцгеймер ауруының туындау себебін тапты.

Ғалымдардың жүргізген зерттеуіне  мыңға жуық адам қатысты. Оның қорытындысы көрсеткендей, науқастардың 30 пайызы Альцгеймер ауруына ұшықтың асқынуынан душар болады екен.

Дегенмен бұл тұжырымды ғалымдардың барлығы дерлік құптамайтын болып шықты. Тәжірибелі мамандар өзара біршешімге әлі де келе алмай отыр.

«Кейбір отбасыларда бұл ауруларды үнемі дамытатын мутациясы бар. Сондықтан бұл туралы нақты пікір айту өте қиын» , - деп мәлімдеді Лондон университетінің генетика профессоры Джон Харди .