Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Селфи үшін бәрі құрбан: Бурабайда 24 жастағы жігіт тау шыңында суретке түспек болып төмен құлап түсті

Селфи үшін бәрі құрбан: Бурабайда 24 жастағы жігіт тау шыңында суретке түспек болып төмен құлап түсті
ашық дереккөз
Бурабайға достарымен қыдырып келген астаналық азамат қазір ауыр жағдайда ауруханада жатыр
Астанадан қыдырып келген 24 жастағы азамат  Абылайхан алаңындағы биік шыға өрмелеп шықты. Сөйтіп сол жерде селфи жасамақ болған жігіт төменге құлдилап құлап түсті. Халық аузында Синюха аталып кеткен Бурабайдағы таудың басына Нұрсұлтан есімді жігіт достарымен бірге шығыпты. Ол ең биік жерде тұрып суретке түспек болған. Сөйтіп,селфи жасаймын деп тұрып, тайып кеткен. Абылайхан алаңындағы биік шың басына олар ешқандай қауіпсіздік жабдығынсыз шыққан.  Жедел жәрдем құтқарушылар көмегімен 24 жастағы жігітті тау етегінен тапты. Нұрсұлтан ес түзсіз Бурабай аудандық ауруханасындағы жансақтау бөліміне жатқызылды. Дәрігерлердің айтуынша, Нұрсұлтанның жағдайы ауыр. Оның бас сүйегі жарылып, миы шайқалған.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар