Жәрдемақы көбейеді: Қазақстанда туу көрсеткішін арттыру үшін балаларға берілетін ақшалай көмек өседі
Жыл сайын айлық есептік көрсеткіштің өсіп отыруына байланысты мемлекеттен балаларға берілетін жәрдемақының мөлшері де өзгеріп тұрады
Бала туғанда берілетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақы республикалық бюджет есебінен жұмыс істейтін және жұмыс істемейтін әйелдерге төленеді. бірінші, екінші, үшінші балаға – 38 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) немесе 2018 жылы 91 390 теңге; төртінші және одан кейінгі балаларға – 63 АЕК немесе 2018 жылы 151 515 теңге.