Әнші екінші рет шаңырақ көтерген екен. Желі қолданушылары Асаннның өзінен 15 жас кіші қызды жар етіп алғанын айтады
Сері жігіттің жасы биыл 30-дан асқан. Ал жас қалындығы Әнельдің жасы бар болғаны 15-те. Желі қолданушылары оның 9 сыныпты енді бітіріп, колледжге түскелі жатқанын айтады.
Асан Пердешовтің сүйіктісі де ән айтатын болып шықты. Олардың бірге орындаған әні де бар.
Әншінің көзі қырағы тыңдармандары Әнельдің тым жас екенін айтқанмен, оларға бақыт тіледі. "Қыз кішкентай сияқты екен. Не болса да бақытты болыңыз" деді оқырмандар.
Айта кетейік, Асан Пердешов бірінші әйелі Назеркемен осыдан біраз уақыт бұрын ажырасып кеткен.