Бала құны- миллион теңге: Қаскелеңдік дәрігерлер бала сатып жатқан сәтінде ұсталды
Қаскелеңдік дәрігерлердің басы даудан арылмай-ақ қойды. Бұл жолы медицина қызметкерлері бала сату үстінде қолға түсті.
Алматы облысы ІІД баспасөз кызметінің хабарлауынша, анонимдік арыз түскеннен кейін ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасы мен Қарасай ауданының полицей қызметкерлері арнайы тексеру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде жаңа туған сәбиді сатуды ұйымдастырған топ құрықталды. Олар баланың құнын миллион теңгеге бағалапты. Оқиға сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіміне тіркеліп, 2 бөлімнің 135 бабы (кәмілеттік жасқа толмағандарды сату) бойынша қылмыстық іс қозғалды . Ұсталғандарға қатысты шара қолдану мәселесі шешіліп жатыр. Сонымен қатар, күдіктілердің арасында медицина қызметкерлері де бар. Басқа ақпарат тергеу мүддесі үшін жарияланбайды.