Тәуекел Мүслім әкесін бандит емес, ұлтжанды азамат деп айтуды ұсынды
«Керісінше осындай ер-азаматтарымыздың арқасында ұлттық тұғырымызды сақтап қалдық деп ойлаймын».
Тәуекел Мүслім Oйбайlife бағдарламасында әкесінің ұлтжанды болып, халқының бостандығы үшін күрескенін айтады. Десе де, ол мұны «бандит» деп айтқаннан гөрі, ұлтжанды деу дұрысырақ екенін жеткізді, деп хабарлайды Kyn.kz ақпарат агенттігі. — Орыстарда «криминальный авторитет» деген сөз бар. Мендегі ақпараттар бойынша, Тәуекел Мүслімнің әкесі бас алатын қазақтың жігіттерінің көсемі болып, сол кісілерге жол сілтеген дейді. Осы ақпарат қаншалықты рас? — Сол кездері мен ол кісінің қасында болған жоқпын. Бірақ, мен үш ай жанында болған кездегі достарынан естіген жайттар бар. Әркімнің көзқарас әртүрлі. Кейбіреулер, расымен де, бандит болды, анау болды, мынау болды деп жатады. Дегенмен мен ол кісіні жаман ойға қимаймын. Әр кездескен сайын жер мен ел туралы айтатын. Қазір технология мен әлеуметтік желі дамыған заман. Ал 88-89 жылдары орыстар мен қазақтар бөлініп, ұлтаралық шиеленіс болды. Тек бұлар емес, өзге ұлт өкілдері де өздерін белгілі бір дәрежеде көрсеткілері келді. Керісінше осындай ер-азаматтарымыздың арқасында ұлттық тұғырымызды сақтап қалдық деп ойлаймын. — Яғни Тәуекел Мүслім әкесінің бұзық жігеттердің қатарында болғанын және оларға жол сілтегенін мойындайды? — Бұзық жігіттер емес, ұлтжанды, патриот жігіттер. — Бір сұхбатыңда «Әкем істі болған, сотталған» дедің. Осылар сенің алдыңнан шықты ма? Көп жағдайда мемлекеттік қызметте шыққан отбасына қарап жатады. — Жоқ, себебі мемлекеттік қызметте болған емеспін. Ондай мақсатым да, жоспарым да жоқ.