Музыкант жанкүйер қызға сыра түкіріп оны өлімнен сақтап қалды
Концертке барып өмірін сақтап қалған қыздың оқиғасы.
Every Time I Die атты америкалық металл топтың гитаристі Джордан Бакли концертте орын алған оқиға жайлы айтып берді. Оның айтуынша, жанкүйерлерге бүркіген сырасы бір қыздың көзіне тиеді. Келесі күні көзі ашып ауырғандықтан қыз дәрігерлерге жүгініп, бас ісігін уақытылы анықтады. Бұл жайлы музыкант өзінің Twitter парақшасында жазды. Өз әңгімесін Бакли: «Достар, қызық оқиға естігілерің кел ме?» - деп, бастады. Оның айтуынша, оған бірде жанкүйер қыз келіп, осыған дейін өткен концерттердің бірінде гитаристің көзіне сыра түкіріп жібергені жайлы айтып береді. Келесі күні көзі қатты ауырған қыз дәрігерге барады. Анализдерді тапсырып, дәрігерлік тексеруден өтеді. Тексеріс шешімі бойынша аурудың себебі бас миының ісігі екені анықталады. Дертті уақытылы анықтағандықтан, ісік тез арада алынып тасталынады. Әңгіме барысында музыкант қатты ыңғайсызданып, кешірім сұрап, сот шағымына дайындала бастаған. Бірақ, бұл қылығының бас ісігін анықтауға көмектескенін білгенде таң қалғанын жасырмады. Жанкүйер қыз гитаристің өмірін құтқарып қалғаны үшін алғысын білдірді. Сөз соңында: «Біздің концертке келу арқылы өміріңізді құтқарып қалуыңыз мүмкін» - деп, қорытындылады гитарист.