Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Алматыда жалақысын жарты жыл ала алмай жүрген жұмысшылар бас көтерді

Алматыда жалақысын жарты жыл ала алмай жүрген жұмысшылар бас көтерді
ашық дереккөз
Алматыда 60 жұмысшы заңды жалақысын ала алмай жүр. Жұмыс беруші оларға 28 миллион теңге берешек болып қалған
Алматыдағы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының 600-ге жуық студенті жатақханасыз қалуы әбден мүмкін. Өйткені, ғимаратқа құрылыс жүргізген құрылысшылар жөндеу жұмыстарын аяқтамай тастап кеткен. Бұл туралы Евразия бірінші арнасына сілтеме жасап Kyn.kz хабарлайды. Білікті оқу орны қара жұмысшыларға жарты жылдан бері жалақы бермеген. Сөйтіп, 60-шақты адамға 28 млн. теңге берешек екен. Ал, консерваторияның су жаңа басшылары "құрам өзгерді, айлықтары алғысы келсе ескі ұжыммен соттассын" деп шығарып салды. Жалақыларын даулап жатақхана алдына жиналғандар шу шығарып жатыр. "Мемлекеттің қарауында болған соң, біз Үкіметтің адамдары біздің ақшамызды бермейді деп ойлаған жоқпыз. Біз 100 пайыз сеніммен істедік. Өйткені, атақты кісімен келісім-шарт бар. Аты, дәрежесі болған соң бір күмән болған жоқ", -дейді жұмысшы Қанатбек Ахметов Жұмысшылардың қолында 71 млн. теңгелік келісім-шарт та бар екен. 47 бөлмеден тұратын нысанға алпыс адам атсалысқан. Тіпті, қыстыкүні жатақханаларға тексеріс жүргізілгенде тез аяқтау үшін құрылысшы санын екі есеге өсіріпті. Ақшаның ұшын көрмесек те, 600 студент далада қалмау үшін жөндеуді тоқтатпадық дейді. Тек басшылық ауысып, ортадағы келісілген қағазы жарамсыз борлып қалыпты. Ал, 28 млн теңге алашақтары күйіп отыр. "Енді басшылық  ауысып кетті де, Сіздермен бізде келісім-шарт жоқ. Онсыз істей алмаймыз, көмектесе алмаймыз дейді. Енді бітпеген нәрсе, сендердің проблемаларыңыз емес", - дейді Жеке меншік команияның директоры Марат Нұрлыбаев. Ал, Ұлттық консерваторияға бір ай бұрын су жаңа басшы келіпті. Құрылысшылармен келісім-шартқа отырған ректордың орынбасары жұмыстан кетіп қалған дейді. Сөйтіп, барлық құжатқа тексеріс басталыпты. Жөндеу жұмысын жасау туралы құжат мемлекеттік порталға тіркелмеген. Сондықтан жатақхананың жөндеуін жарты жолда тоқтатуға тура келгенін айтады. Енді, 600 студенттің жарым-жартылай салынған жатақханаға орналасуы екіталай. Яғни, басшылық бұрынғы әріптестерінің үстінен арыз жазуда. Жұмысшылар да 28 млн теңге жалақыларын тек қызметінен кеткен ректордың орынбасарынна талап етуі тиіс екен. Өйткені, о баста құрылысқа сол жауапты болған көрінеді. Айта кету керек, Алматыда жыл басынан бері Еңбек инспекциясына жалақысын даулаған екі мыңға жуық адам шағымданған. Жекеменшік компаниялардың айыппұлы 118 млн теңгеден асып жығылады.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар