Есқалиева Ернарды сынаған Рымбаеваны қолдай түсті
Осыдан біраз уақыт бұрын Ернар Айдарды "той әншісі" деп сынаған халық әртісін Нағима Есқалиева қорғап шықты
Халық әртісін Мақпал Жүнісова бастаған өнердегі әріптестерінің барлығы осы айтқаны үшін айыптаған еді.
Тіпті желі қолданушылары Роза Рымбаеваға Қазақстанды тастап кетуді ұсынған.
Бұл сөздерге таңғалған Нағима Есқалиева жағасын ұстап, Рымбаеваны барынша жақтап шықты.
"Бұл не деген масқара? Роза Рымбаева қиын кезеңде ауыл-ауылды аралап Қазақстанның туын көтеріп жүрген адам. Бұл не қылған оқырмандар? Ол Белоруссияның жұлдызы атанады. Лукашенконың қолынан марапаттау алады. "Славян базарында" Қазақстаннан барған жалғыз қазылар алқасы атанады. Оған "Қазақстанды таста" деуге қалай ауыздары барады?", - деді ашуланған Есқалиева.
Айта кетейік, Роза Рымбаева Ернар Айдарды "той әншісі" деп атап, көптеген әншілердің наразылығын тудырған болатын. Тіпті халық әртісіне Ернар Айдардың өзі де жауап қайтарды.