Алты жасар бала өлер алдында ішкі ағзаларын мұқтаж жандарға беруді сұрады
Линкольн атты ағылшын қаласының алты жасар тұрғыны өзінің ішкі ағзаларын өзгелердің өмірін сақтап қалуға кұрбан етті.
Бұл жайлы The Mirror жазады. Уильям Кой (William Coy) 17 шілде сейсенбіде үйдің терезесінен құлап түседі. Оны сол мезетте ауруханаға жеткізгенімен, екі күннен кейін бала қайтыс болады. Кейін анықталғандай, Кой өлер алдында донор болғысы келетінін, сол себепті алты ағза мүшесін мұқтаж жандарға беретінін айтып өткен екен. Отбасының құрбысы Лора Уилсон айтуынша, Кой анасымен қайтыс боларға дейін бір-екі күн бұрын ғана донорство жайлы бағдарлама көрген. «Ол сезімтал, мейірімді бала болатын. Менің ойымша, өзгелердің өмірін сақтап қалғанын білгенде қуанатын еді» деп, сөзін аяқтады. Ал, тағы бір Эми Кэш де Флорес атты құрбысы Уильямдардың жақындарына көмек ретінде ақша жинай бастады. Бар болғаны бір-екі күнде төрт мыңнан астам фунт жинай алды (1 850 000 теңге шамалас). 2017 жылдың қыркүйегінде Ұлыбританиялық қыздың ішкі ағзалары 8 адамның өмірін құтқарып қалғаны жайлы айтылған болатын. Британдық денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше ол ең көп өмір сақтап қалған донор ретінде саналады.