Қайрат Нұртастың жары әнші мен Нюша арасындағы қарым-қатынас туралы ашық айтты
Оқырмандарымен тығыз байланыс орнатқан әншінің әйелі көпшіліктің көкейінде жүрген сұрақтарға жауап берді
Желі қолданушылардың бірі Жұлдыз Әбдікәрімовадан "Қайрат Нұртас пен Нюшаның" арасындағы байланыс жайында сұраған.
Әншінің жары бәрі өзінің бақылауында екенін айтты.
"Қайрат Нюшаны өз әпкесі ретінде сыйлайды", - деп жауап қайтарды.
Сондай-ақ Жұлдыз Әбдікәрімова Қайрат Нұртаспен 19 жастарында шаңырақ көтергендерін, өзінің келбетіне қалай күтім жасайтыны мен 4 баласына қалай уақыт табатынын да ашып айтқан.