Рамазан айында әйелдерге арналған құнды кеңестер
Мұсылмандардың баршасының Рамазан айына деген үлкен үкілі үміттері бар. Уақытымызды дұрыс басқарып, шынайы жоспарларымызды құрсақ - бұл біз қалаған деңгейдегі Рамазанға жету жолындағы маңызды іс болып табылады.
Әсіресе жұмыс істейтіндер әйелдер үшін бұл кезең жаңа міндеттермен байланысты. Алайда бұл қосымша сауап алудың әдісі болғандықтан, әйелдерге осы айда өз істерін тиімді ұйымдастыру өте маңызды. Қайырымдылық әр әйелге көптеген мүмкіндіктер береді, мәселен, ол мұқтаж адамдарға тамақ дайындайды, қайырымдылық мақсаттарға бағытталған шараларға туыстары мен достарынан қаражат жинайды және тағы басқа іс-шаралар. Осы кезеңде әйелдердің тағы бір маңызды қызметі - балаларға Рамазанның қандай екенін түсінуге көмектесу және қасиетті айдың талаптарына сәйкестендіріп, олардың істерін және демалысын ұйымдастыру. Рамазан - бұл 30 күннің ішінде балаларға ораза ұстау мен дұға етудің әрі қайырымдылықтың жағымды әсерін сезіну үшін берілген тамаша мүмкіндік. Рамазандағы уақытты басқару дегеніміз - тек өзіңіздің күнделікті істеріңізді ұйымдастыру ғана емес, өзіңіздің құлшылықтарыңызды орындауға көбірек уақытты жұмсау үшін өзіңізге басқа көп нәрсе жүктемеуге тырысыңыз. Әрқайсымыздың өз істеріміз, міндеттеріміз бен алаңдаушылығымыз, түрлі жағдайларымыз бен мүмкіндіктеріміз бар екені анық, алайда барша әйелдер қауымына қатысты уақытты ұйымдастыру жайындағы келесі кеңестер септігін тигізеді деген сенімдеміз. 1.Осы уақытта Алла сізге берекет берсін деп дұға етіңіз. 2. Бәрін қиындатпаңыз. Ауызашар үшін күнделікті күрделі тағамдар дайындауға өзіңізді қинамаңыз, ол жай ғана салауатты және қоректік тағам болсын. 3. Дайындық жасаңыз. Мүмкіндігінше, Рамазанға дейін қажетті тағамдарды және әр түрлі дайындықтарды жасаңыз, сонда ай баsсталғанда сізге барлығы жеңіл болады. Мысалы, тоңазытқышта мүмкіндігіңізге байланысты қажетті өнімдердің бар екендігіне бір көз жеткізіңіз. 4. Барлығын өз орнына қойыңыз. Үйде тәртіп пен жинақылық болған кезде, іздеген заттарды табу жеңілірек болады, алтын уақытты қажетті нәрселерді іздестіруге жұмсамаңыз. 5.Ең бастысын анықтаңыз. Күнделікті жоспарыңыз ең маңызды нәрседен басталсын, ал сіз үшін екінші орында тұрған істі кейінірек жасай аласыз. Өзіңізге әр нәрсенің ұсақ-түйегіне дейін орындау міндетін қоймаңыз, неғұрлым маңызды нәрсені қалай оңтайландыруға назар аударыңыз. 6. Кездесулеріңіз бен жиналыстарыңыздың бару кестесін құрыңыз.Егер қажет болса, қажетті күндерді және уақытты жоспарлау. 7. Отбасыңыз бен достарыңызға. Рамазанның сіз үшін ғибадат пен рухани міндеттеріңізді орындаудағы ерекше уақыт болатынына көз жеткізіңіз, сондықтан сіз кездесулер мен жиналыстарды кейінге қалдыра аласыз. 8. Қонақтарды саналы қабылдаңыз. Әрине, қонақтарды ауызашарға шақыру, өзіңізге және қонақтарыңызға қуаныш әкелу- сауапты іс. 9.Көп уақыт пен күш қажет етпейтін қарапайым тағамдарды дайындаңыз. Бүкіл істерді бір күнге қалдырып, ауырлық тудырмау үшін тағамдардың бір бөлігін бұрынырақ дайындап қойыңыз. 10. Негізгі және қосымша міндеттердің жалпы тізімін жасаңыз. Тіпті әрбір балаға арнап жеке тізім жасасаңыз, егер сіз біреуіне көп нәрсені немесе аз нәрсені жүктеген болсаңыз, бір жағынан, мүмкіндігінше еске түсіреді әрі бақылауға мүмкіндік тудырады. 11. Егер сіздің ісіңіз болса, оны ертеңге қалдырмаңыз,бірден жасап отырыңыз, сонда көп дүние жасап үлгересіз. 12. Демалыс жасаңыз.Айдың соңына дейін ағзаңыз шаршамас үшін уақытылы ұйықтау өте маңызды. 13. Жақсы тамақтаныңыз. Салауаты тамақ сізге жұмыс, дұға және барлық міндеттерді орындау үшін энергия сыйлайды. 14. Сізге дастарқан жасап, ыдыс-аяқ жууға және тағам дайындауға көмектесетін біреу болсын. Егер балаларыңыз бар болса, оларды осы іске жұмылдырғандығыңыз азбал. 15. Майлы тағамдардан аулақ болыңыз- бұл тек денсаулыққа зиян тигізіп қана қоймайды, сонымен қатар ұйқышыл және жалқау болуға жол ашады. 16. Өзіңіздің уақытыңызды тиімді ұйымдастырып, өзіңіздің жақындарыңызға да осы бағытта көмектесіңіз. 17. Дене жаттығуларын орындаңыз. Көптеген адамдар Рамазанда физикалық күш салу мүлдем тиімсіз деп санайды. Бұл - бұрыс пікір. Денеңізді күшейтіп, энергия беретін түрлі пайдалы жаттығуларды жасауға күніне бірнеше минутыңызды арнаңыз.