Алматыда "Кар сити" автобазарын полицейлер қоршауға алды
Алматы полициясы "Кар Сити" автобазарында рейд жүргізу үшін оны қоршауға алды.
Тәртіп сақшылары сатушылардың құжаттарын тексеріп, автобөлшектер сатуға рұқсаты бар-жоғын анықтауда.
Рейдке Алматы Ішкі істер департаментінің шамамен 300 қызметкері жұмылдырылған. Олардың арасында қылмыстық полиция мен ұлттық гвардияның әскерилері бар.